Меню KDT

Новости

Главная Новости

Құқық бұзушылықтың алдын алу тақырыбында дөңгелек үстел

Білім беру мекемелеріндегі сынып жетекшілеріне құқық бұзушылықтың алдын алу жұмыстарын ұйымдастыру және алдын алу туралы методикалық көмек көрсету мақсатында, 2022 жылыдың 25 наурызында бірлескен дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Дөңгелек үстелге №15 мектеп-лицейдің 1-4 сыныптарының сынып жетекшілері шақырылып және директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Омашева Г.М., құқық бұзушылықты алдын алу менеджері Медеубаев Е.М. қатысты. Отырыстың мақсаты құқық бұзушылықты алдын алуға бағытталаған ақпараттық, насихаттық және кеңестік жұмыстарды ұйымдастыру. Мұғалімдерге ұжымда өзара құрмет, жауапкершілікті сезіну принцптеріне сүйене отырып, моральдік –психологиялық ахуал қалыптастыру, құқықтық тәрбие беруді ұйымдастыру болды. Сонымен қатар ақпарат ретінде қатысушыларға 2021-2022 жылғы оқу жылындағы мектеп оқушыларымен жасалған құқық бұзушылықтармен тәртіпсіздіктері жеткізіліп, олар талқылауға салынды. Өз сөзінде құқық бұзушылықты алдын алу менеджері Е.М. Медеубаев былай деді: оқушыларға құқықтық тәрбие беруде олардың құқықтық сана-сезімін бірінші кезекте қалыптастырудың маңызы зор. Себебі, құқықтық сана – қоғамдық санның ерекше түрі. Сондықтан, құқықтық тәрбие беруде оқушылардың санасын тәрбиелеу, жауапкершілік сезімін көтеру, ұйымшылдық пен тәртіптілікті нығайту - мектептегі оқу-тәрбие жұмыстарының негізгі бір бағыты. Бүгінгі таңда қоғамда, қоғамдық көзқарас та күннен күнге өзгеру үстінде. Бұқаралық ақпарат және қарым-қатынас құралдарының жұмысындағы барлық шектеулерден алынып, ақпарат тарату еркіндігі кең таралған. Ол балалардың сана сезімі мен рухына кері әсер етуде. Осының салдарынан қазір мектеп жасындағы балалардың шылым шегуі, ішімдік ішуі, есірткі қолдануы немесе әр түрлі қылмыстық іс-әрекетке баруы жиілеуде. Ата-бабамыздың салт-дәстүрлері мен әдеп-ғұрпы ажырап қалған, шетелдік компьютерлік ойындар мен қатыгездікке қойылған фильмдердің еркіндігіне кеткен жастарымызды қайтсек дұрыс жолға саламыз, ұлтымыздың болашағын ойлайтын санасы сергек, адамгершілігі мол жеке тұлғаны тәрбиелеу - тәрбие жұмысының негізгі мақсаты. Жас ұрпаққа тек білім берумен шектелу аз, оларды адамгершілік-рухани жағынан нағыз адам қалыптастыру керек. Құқықтық тәрбие сан қырлы, күрделі процесс, бұл жалпы және арнаулы шаралардың тұтас бір жүйесін қамтиды. Соның ең бірінші сатысы - оқушыны заңмен хабардар етіп, оның жалпы білім деңгейін көтеру. Мектеп құқықтық тәрбие жұмысын 1-сыныптан бастап, белгілі бір жүйелікпен ұйымдастырылған түрде оқушының оқуды бітіргенге дейінгі аралығында жүргізуі қажет. Болашақта адамның құқықтары мен міндеттері жайында “Менің Отаным – Қазақстан Републикасы. Оның ең қымбат қазынасы – адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандығы” деген жолдардан бастап. 1995 жылы 30 тамызда Бүкілхалықтық референдумда қабылданып, 1995 жылы 5 қыркүйектен күшіне енген Ата Заңның Конституцияның мазмұнымен әрі ондағы құқықтық ұғымдарды таныстырудан, түсіндіруден бастаған жөн. Себебі, құқық әрбір адамның туғаннан, өлгенге дейін қоғамдағы жүріс - тұрысын, мінез - құлқын, адамдармен, жалпы тіршілік ету ортасымен қарым - қатынасын реттейді. Ол үшін мектебімізде «Заң және жасөспірім» атты айлықтар шеңберінде «Мен және заң», «Жауапкершілік түрлері»,» атты тақырыптарда жиі турде сынып сағаттрын, дөңгелек үстелдер ұйымдастыру қажет деді. Орындаушы: Құқық бұзушылықты алдын алу менеджері Медеубаев Е.М.

Посмотреть новость на сайте учреждения

Вернуться к списку новостей

Комментарии


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Обсуждение не найдено


Заполняем школьные сайты

15

Помогаем, советуем, предлогаем как лучше всего заполнить сайт

Единый Образовательный портал

1

Единый Образовательный портал

Образование

1

Образование

Официальное сообщество школы-гимназии №3 города Астаны

0

Официальное сообщество школы-гимназии №3 города Астаны