Меню KDT

Новости

Главная Новости

"Тәтті" жазғы лагері 7-күн

«Тәтті» жазғы лагерінің балалары 9-маусымда таңғы жаттығудан соң “Оқушылар сарайында” ұйымдастырылған іс-шараға қатысты. Еліміз бойынша ғана емес, әлем бойынша да баламасы жоқ ерекше ғимарат – “Оқушылар сарайы”. Ішкі қондырғылары заманауи техникалармен жабдықталып, сырты қазақи нақышта әрленген бұл нысанның кескіні мен келбеті тым ерекше. Осындай ерекшелікке тұнған нысан балалардың игілігіне арналады. Балалардың арман баспалдағы осы жерден бастау алады. Ертеңіне ерінбей қарайтын талапты жастың жігерін осы арадан бастап, қиялын қияға ұшырып, қанаттанудың қадамы. “Оқушылар сарайы”– жастардың рухани және мәдени дамуының маңызды орталығы. Оқудан тыс уақытта пайдалы дүниемен айналысқысы келетін, бос уақытын дұрыс ұйымдастырғысы келетін әрбір оқушының басын қосатын жер . Жан-жақты салалар қамтылып, балаға қажеттінің бәрі табылатын сарайдың бағдарламалары бүгін ерекше жоспарланған. Оқушылар бірнеше үйірмелермен қызықты ойындарға қатысып, белсенділік танытты. «FarabeeLand» әлеміне саяхат жасады. Концерттік бағдарламаға, планетарий, Арманшыл Ян есімді сотқар бала ғарышқа бару туалы толық күмбезді 3D- мультфилімін тамашалады. «Джунгли ырғағында» бабалармен қызықты интерактивті шоу өткізілді. Африкалық мотивтерге флешмоб- дискотека және тақырыптық байқаулар мен би батлдары өткізілді. «Құбыжықтардың шытырман оқиғасы» мұз планетасының зұлым патшайымы туралы театрландырылған ертегі қойылымы көрсетілді.
Тіл үйірмелері «Қазақ тілім –құтты білім!» , «Ағылшынша сөйлейік!», «Музыкалық әуенді тап!» сабағы ойын түрінде ұйымдастырылды. «Think and find» ойынын оқушылар сурет салып, ағылшынша сөйлеп, музыкалық әуендерді тауып айтып қызықты жұмбақтар шешті.
Балақайлар “Оқушылар сарайынан” келген соң «Бекеттерге тоқтау» ойынын ойнады. Оқушыларға берілген билеттерге тапсырмалар орындалу белгісін қою. Балақайларды жылдамдыққа, төзімділіке, шапшаңдыққа баулу, достық қарым-қатынасты нығайту мақсаты көзделді. Тапсырмалар ойдағыдай орындалды.
Бүгінгі күн қызыққа толы болды. Балақайлар қуанышты көңіл күйде қайтты.
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Посмотреть новость на сайте учреждения

Вернуться к списку новостей

Комментарии


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Обсуждение не найдено


Заполняем школьные сайты

15

Помогаем, советуем, предлогаем как лучше всего заполнить сайт

Единый Образовательный портал

1

Единый Образовательный портал

Образование

1

Образование

Официальное сообщество школы-гимназии №3 города Астаны

0

Официальное сообщество школы-гимназии №3 города Астаны