Бала бақытына зор құрмет!
БАЛА БАҚЫТЫНА ЗОР ҚҰРМЕТ
⠀Уақыттың жалғыз өлшемі - адам ғұмыры. Адам ғұмырының жалғыз өлшемі - өзінің соңынан қалған ұрпағы. Бүгін әр ата-ана баласына тәлім мен тағлымды отбасында береді. Бүгінгі күнде әр баланың қоғамдық ортада қалыптасуы үшін біздің елде талай іс-шаралар жүзеге асып, балалардың бақытты өміріне еңбек етіп келеміз. Жаңа туған сәби баланың жас күнінен дамуы біріншіден өз ата-анасының, жанұяның тірлігінде өтетіні белгілі. Қазіргі уақытта жаһандық даму сәтінде әр жас сәби жылдам даму сәтін өткізіп келеді. Айналасын, қоршаған ортаны жақсы көреді, түйсінеді, таниды. Сол себепті жас күнінен баланың өз отбасында болғаны өз алдына бір міндет болса, үйіне жақын маңайдағы мемлекеттік тіркеуден арнайы өткен бала-бақшада болғаны дұрыс. Заман талабына лайықты бала-бақшаның лицензиялық, құқықтық құзыретіне сай жас ерекшелігіне сәйкес дамып, өз қатарластарымен өсіп, жетілгені маңызды. Ол үшін біздің елде жылма-жыл, яғни, мектепке дейінгі білім беру мекемелері ашылып, тиісті жұмыстар нормативтік-құқықтық үлгіде беріліп келеді. Мектепке дейінгі білім беру мекемелері, оған қабылданатын жас сәбилер саны да артып келеді. Бұл өте қажетті, әрі мемлекеттік тіркеуден өткен мекеме ретінде қалыптасуы заман талабы. Әр баланың өмір қауіпсіздігі, ортаға бейімделуі және тұлға ретінде қалыптасуына әсер етеді. Сондықтан кез-келген мектепке дейінгі білім беру ұйымдары лицензия алып, адами құндылыққа лайықты сапалық көрсеткішті арттырып, бәсекеге лайықты тұлға қалыптастырғаны жөн деп білемін.
Посмотреть новость на сайте учреждения
Вернуться к списку новостей
Комментарии