Меню KDT

Новости

Главная Новости

Міржақып ізімен

Міржақып ізімен
2020 жылы № 68 мектеп-гимназиясына қазақтың аса көрнекті ағартушысы, қоғам қайраткері, ақын, Міржақып Дулатұлы есімі берілген болатын.
2022 жылғы 20-22 маусым күндері аралығында «Міржақып ізімен..» атты тарихи-мәдени экспедициясы Қостанай облысында орналасқан Қызбел, Бидайық ауылдары мен Торғай қаласына барып қайтты. Сапардың мақсаты – Міржақып Дулатұлының туған өлкесін зерттеу, музейлер мен мектептер арасындағы өзара ынтымақтастықты арттыру, мектеп музейіне қажетті жәдігерлер жинақтау, сондай-ақ, ақын рухына тағзым етіп, кесенесіне зиярат ету.
Мектеп-гимназия директоры К. Баяхметбаеваның ұйымдастыруымен экспедиция құрамына мектеп мұғалімдері мен оқушылары енді. Экспедиция төрағасы болып директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары Н. Кайроллаев тағайындалды.
Сапар барысында Алаш көсемінің кіндік қаны тамған жер, Мадияр руының атақонысы Асқар күздігіне аялдап, естелікке куә болды. Одан кейін, Қызбел ауылында орналасқан 100 жылдық тарихы бар білім ордасымен танысып, оқушылар мен ұстаздар қауымы өзара ынтымақтастық таныта білді. Осы орайда, экспедиция мүшелерін қарсы алып, азаматтық таныта білген ауыл әкімі Қ. Нургазин мен ауыл тұрғындарына өз алғысымызды білдіреміз.
Келесі күнгі сапар ақынның сүйегі жерленген Бидайық ауылына жалғасты. Экспедиция құрамы Міржақып Дулатұлы жерленген кесенеге тағзым етіп, ақын музейіне шолу жасады. Жергілікті музейдің меңгерушісі әрі шырақшысы Н. Бирманов жетекшілік жасап, жұбайы Ж. Инирбаевамен бірлесе отырып экспедиция жұмысының сәтті әрі жеңіл жүргізілуіне септігін тигізді. Экспедиция басшысы аталмыш тұлғаларға өз ризашылығын білдіріп, мектеп-гимназия тарихы туралы кітаптар мен бейне материалдарды, қол өнер туындыларын тарту етті.
Экспедиция Торғай қаласына жалғасып, Ы. Алтынсарин, А. Байтұрсынұлы, Ә. Жангелдин музейлеріне шолу жасап, құнды жәдігерлермен танысып қайтты.
Жұмысы нәтижесі әрі жалғасы ретінде ғылыми жоба, зерттеу жұмыстары жүргізіледі. Экспедиция аясында әзірленетін деректі фильм мен репортаждық материалдар көпшілік ұсынылатын болады.

Посмотреть новость на сайте учреждения

Вернуться к списку новостей

Комментарии


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Обсуждение не найдено


Заполняем школьные сайты

15

Помогаем, советуем, предлогаем как лучше всего заполнить сайт

Единый Образовательный портал

1

Единый Образовательный портал

Образование

1

Образование

Официальное сообщество школы-гимназии №3 города Астаны

0

Официальное сообщество школы-гимназии №3 города Астаны