Хабарландыру!
6-7-сынып оқушылары мен ата-аналар үшін!
Құрметті ата-аналар мен оқушылар, мемлекеттік тілде оқытылатын 6-7 лицей сыныптарына түсу емтихандары 2022 жылдың 24 тамызында, сағат 10.00-де өтеді.
09.45-те оқушылар мектептің ішкі ауласында жиналады. Өздерімен бірге көк пастасы бар қалам, тор дәптер, сызғыш болуы керек. Қара қарындаш, газдалмаған су (қажет болса).
Балалар 15 адамнан тұратын шағын топтарға бөлініп, оқу сыныптарына барады.
Ата-аналар балаларын мектеп ауласында күтеді. Мектеп ғимаратына кіру нұсқаулық бойынша қарастырылмаған.
Жұмысты аяқтағаннан кейін әр оқушы оқу кабинетін және мектепті босатады.
Ұялы телефондар емтихан қабылдаушыға емтихан кезінде тапсырылады. Калькулятор, өзге де есептеуіш құралдарды қолдануға қатаң тыйым салынады.
Математика бойынша кешенді жазбаша жұмыстарының нәтижелері 25 тамызда мектептің кіреберісіндегі тақтаға ілінеді.
Құрметпен,
Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің
«№27 мектеп-лицейі» КММ әкімшілігіПосмотреть новость на сайте учреждения
Официальное сообщество школы-гимназии №3 города Астаны