Меню KDT

Новости

Главная Новости

«64 ШАРШЫЛЫ» ДОЙБЫДАН XI  ЖАЗҒЫ ҚАЗАҚСТАН ОҚУШЫЛАР ГИМНАЗИЯДАСЫ ӨТТІ

Қазақстан республикасы оқу-ағарту министрлігі, ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығының ұйымдастыруымен, Ахмет Байтұрсынұлы атындағы №48 мектеп-лицей басшылығының және Нұр-Сұлтан қаласының Дойбы федерациясы қоғамдық бірлестігінің қолдауымен 12-15 тамыз аралығында XI  ЖАЗҒЫ ҚАЗАҚСТАН ОҚУШЫЛАР ГИМНАЗИЯДАСЫ бағдарламасы аясында «64 шаршылы» дойбыдан республикалық финалдық жарыс өтті. Гимназияда Ахмет Байтұрсынұлы атындағы №48 мектеп-лицейде жоғарғы деңгейде өтті. 

Гимназияданың өткізілу мақсаты:

- спорттық-бұқаралық іс-шаралардың күнтізбелік жоспарын іске асыру;

- дене шынықтыру мен спортты одан әрі жаппай дамыту, оқушылар арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру;

- дойбы сияқты зияткерлік ойын түрлерін насихаттау және дамыту;

- оқушыларды дене шынықтырумен және спортпен тұрақты шұғылдануға тарту;

 

Еліміздің түпкір-түпкірінен 9 команда шаршы тақтада бақ сынасты: Алматы қаласы, Жамбыл облысы, Ақмола облысы, Жетісу облысы, Қарағанды облысы, Көкшетау қаласы және Нұр-Сұлтан қаласының оқушылары.

Ашылу салтанатында төмендегі басшылар мен төрешілер құттықтау сөз сөйлеп жылы лебіздерін білдірді:

  1. Қазақстан республикасы оқу-ағарту министрлігі, ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығының бас директоры Садықов Сағдат Кәбірұлы
  2. Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Өркен» балалар мен жасөспірімдер дене тәрбиесі орталығының директоры Тяженов Нұрлан Ескендірұлы
  3. Қазақстан республикасы дойбы федерациясының атқарушы директоры, спорт шеберіне үміткер Наралиев Ақылбек Наркулович
  4. Нұр-Сұлтан қаласының дойбы федерациясы қоғамдық бірлестігінің президенті, Азия жеңімпазы, Қазақстан республикасының дойбыдан спорт шебері, бас хатшы, бірінші санатты төреші Абишев Қалкеш Сүлейменұлы
  5. Қазақстан оқушылары XI Жазғы Гимназиядасының бас төрешісі, дойбыдан Азия чемпионатының жеңімпазы, ұлттық дәрежедегі спорт төрешісі Дәуренбекова Жаухар Сағатқызы

Жарыс классика номинациясы бойынша айналмалы жүйеде өте тартысты өтті.

Жалпы командалық есепте келесі командалар жүлделі орындардан көрінді:

1-ОРЫН - Жамбыл облысы

2-ОРЫН - Нұр-Сұлтан қаласы

3-ОРЫН - Ақмола облысы

 

Мектебіміздің атынан келесі оқушылар аталған жарысқа белсенді қатысып жүлдегер атанып мол тәжірибе жинақтады:

 

8 «А» сынып оқушысы САЙЛАУ ӘМИНА – 2 ОРЫН жүлдегері

9 «А» сынып оқушысы БОЛАРБЕК НҰРБЕК

8 «Д» сынып оқушысы ШАЛХАР ЖАССӘБИ

4 «В» сынып оқушысы ЖҰМАБЕК МАДИНА

4 «Б» сынып оқушысы АХМЕТЖАНОВА АЙЛИН

2 «А» сынып оқушысы ЖҰМАБЕК МАЛИКА

1 «Ә» сынып оқушысы ЕСТАЙ НҰРАЛИ

 




          Жүлдегерлер кубок, медаль және дипломдармен марапатталды. Жүлдегерлер мен белсенді қатысушыларды және осы оқушыларды арнайы дайындаған шахмат үйірмесінің жетекшісі С.І.Исаевты шын жүректен құттықтаймыз!

Ахмет Байтұрсынұлы атындағы №48 мектеп-лицей басшылығына қолдау көрсеткені үшін  Қазақстан республикасы оқу-ағарту министрлігі, ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығы зор алғыс білдіреді. 


Посмотреть новость на сайте учреждения

Вернуться к списку новостей

Комментарии


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Обсуждение не найдено


Заполняем школьные сайты

15

Помогаем, советуем, предлогаем как лучше всего заполнить сайт

Единый Образовательный портал

1

Единый Образовательный портал

Образование

1

Образование

Официальное сообщество школы-гимназии №3 города Астаны

0

Официальное сообщество школы-гимназии №3 города Астаны