Конкурс нәтижесі
2022 жылғы 18 тамыз күні бос жұмыс орындарына орналасуға конкурс өткізілді. Бос жұмыс орындары туралы хабарландыру электрондық еңбек биржасы Enbek. кz порталы мен мектеп сайтына, әлеуметтік желілеріне орналастырылған болатын. Мемлекеттік білім беру ұйымдарының педагогтері информатика пәнінің мұғалімі, педагог-дефектолог, заңгер мамандары лауазымдарына тағайындауға өткізілді.
Конкурс комиссиясының шешіміне сәйкес, информатика пәнінің мұғалімі лауазымына үміткер А. Жакипова, заңгер маманы лауазымына үміткер С. Кудеринованы қабылдау туралы шешім шығарып, мектеп директоры К. Баяхметбаева тағайындауға ұсыныс жасайды. (педагогты бағалау парағының балдық жүйесінің қорытындысына сәйкес). Ал, логопед-дефектолог лауазымына өтініштер келіп түспеуіне орай, қайта конкурс жарияланды. Конкурстық комиссияның отырысы аудио-бейне жазмамен сүйемелденді. Материалдар бірінші отырыс өткізілген күннен бастап бір жыл бойы білім беру мекемесінде сақталады.




Посмотреть новость на сайте учреждения
Вернуться к списку новостей
Комментарии