Меню KDT

Новости

Главная Новости

Күміс қоңырау сыңғыры

Бүгін 1-қыркүйек, дәстүрлі Білім күні мерекесі еліміздің түкпір-түкпірінде тойлануда. Мереке күні алтын ұя мектебіміз №68 мектеп-гимназиясы 2022-2023 оқу жылының салтанатты жиынына сап түзеді. Салтанатты жиынымыздың құрметті қонақтары ретінде Сарыарқа ауданының әкімдігі , Қамқоршылық кеңес төрайымы , 1-сынып оқушылары ата-атаналары қатысып, мектеп директоры К.И.Баяхметбаева мектепке алғаш қадам басып отырған бүлдіршіндерге жылы лебіздерін білдірді. Өткен жылдағы мектебіміздің жетістіктерін айта келе жаңа оқу жылының ерекшеліктерін де тоқталып өтті.
Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары А.С.Молдаханова оқу жылының басталуы туралы бұйрықпен таныстырды.
Бұл күн – жас бүлдіршіндердің бал дәурен шағымен қоштасып, білімге талпынған қадамы. Сондықтан
1-сынып табалдырығын аттағалы отырған оқушыларымыз да өз кезегінде өлең жолдарын арнап, мерекенің ең толқулы ғажайып сәті алғашқы қоңырауды күмбірлете соғу 1-сынып оқушылары мен 11-сынып оқушыларына табысталады.
Іс-шара алғашқы білім күніне арналған «Білімге ұмтылу, еңбексүйгіштік және отаншылдық» тақырыбындағы алғашқы тәрбие сағатымен жалғасын тапты.

Посмотреть новость на сайте учреждения

Вернуться к списку новостей

Комментарии


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Обсуждение не найдено


Заполняем школьные сайты

15

Помогаем, советуем, предлогаем как лучше всего заполнить сайт

Единый Образовательный портал

1

Единый Образовательный портал

Образование

1

Образование

Официальное сообщество школы-гимназии №3 города Астаны

0

Официальное сообщество школы-гимназии №3 города Астаны