Құттықтаймыз!
Жиынның алғашқы сөзі Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, абайтанушы Алмахан Мұхаметқалиқызына берілді. Ғалым ақын шығармашылығына талдау жасап, бүгінгі абайтану саласындағы өзекті мәселелер туралы толымды пікірлер айтты. Одан кейін 38 мектеп-лицейінің ұстазы Таушанбай Рахимов және шәкірттері Сая Кәкенова, Дінмұхамед Жабай Абайдың “Торжорға” күйін орындаса, 60 мектеп-лицейінің мұғалімі Арман Рамазанов хәкім Абайдың “Көзімнің қарасы” әнін нақышына келтіре орындады. Кештің барысында қазіргі қазақ поэзиясының жарқын өкілдері бас ақын туралы жан-жақты, мағыналы сөздерін айтып, жырдан шашу шашты. Олардың қатарында республикалық жыр мүшәйралардың жүлдегерлері Қабиден Қуанышбай, Бекмұрат Сұлужүрек, Тоба Өтепбай және тағы басқа ақын ұстаздар болды. Шараны 38 мектеп-лицейдің мұғалімі, “Дарын” мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты Біржан Ахмер және 78 мектеп-гимназиясының мұғалімі, ақын Мұқият Қойшыбайұлы жүргізді. Қорытындысында Білім беруді жаңғырту орталығының әдіскері Жанар Сейдахметқызы ұстаздар мен оқушыларға алғыс айтып, Абай күнімен құттықтады. Абай өнегесі, Абай мұрасы - халықтың асыл қазынасы. Сондықтан оның өлеңдері мен қарасөздері жас ұрпақтың санасында жаңғырып, ұлықтала бермек.
Посмотреть новость на сайте учреждения
Вернуться к списку новостей
Комментарии