1 қыркүйек күні бірінші сынып оқушылары үшін алғашқы қоңырау соғылып, жаңа 2022-2023 оқу жылының басталғаны туралы хабарланды. Қазіргі таңда Ғ.Орманов атындағы №7 мектеп-гимназиясында 2654 оқушысы бар.
Мектеп табалдырығын алғаш аттаған 241 оқушыны қошеметпен қарсы алды. Әнұран шырқалды. 11-сынып оқушылары ҚР туын көтерді. Мектеп директоры Ж.Т.Қазмұханбетова балаларды жаңа оқу жылының басталуымен құттықтап, оқуда табыс тіледі. Іс-шараға Нұр-Сұлтан қаласы мәслихатының депутаты, "Тұран Астана" университетінің ректоры Гүлжамал Әлкенқызы Жапарова қатысты. Ол барлық мұғалімдерді, оқушыларды және олардың ата-аналарын "Білім күні" мерекесімен құттықтап, оқу жылында жаңа жетістіктер тіледі.
Барша жиылған қауымды бірінші сынып бүлдіршіндері өлең жолдары арқылы құттықтады. 1 қыркүйек мерекесі әрқашан ұмытылмас, қуанышты және сонымен бірге қызықты болып қала береді.