Меню KDT

Новости

Главная Новости

Қазақ тілі - мемлекеттік тіл

2022 жылы қыркүйек айының 5 күні “Қазақстан халықтарының тілдері күніне” орай «Қазақ тілі- мемлекеттік тіл» атты тақырыпта мерекелік іс-шара өтті.
Іс-шараның мақсаты:
- оқушылардың өз ана тіліне деген құрмет сезімін арттыру, тіл мәртебесін көтеру, таза сөйлеуге үйрету, өз ұлтына, еліне деген сүйіспеншілігін орнату;
- ұлтымыздың рухани көсемі Ахмет Байтұрсыновтың адам жанының рухани тазалығы жайлы ойларын жүйелей отырып, оқушыларды ұлтжандылыққа, адами қасиеттерге тәрбиелеу.
Аталмыш іс-шараға мектебіміздің тіл мамандары Қазақстан Республикасында тұратын барша халықтың тілін, мәдениетін, салт-дәстүрін қорғауға және дамытуға бағытталған мерекелік іс-шараның өтуіне белсене ат салысты. Мерекелік іс-шара 3 тілде (қазақ, орыс, ағылшын) өтті. Мерекелік концертіміз «Еркесылқым» күйімен ашылды.
Осы орайда, көрермендер назарына туған тіліміздің қадір-қасиеті туралы мектебіміздің оқушылары қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде көркемсөз оқыса, кейбір оқушылар қазақ халқының ұлы ғалымы, ақыны Ахмет Байтұрсыновтың өлеңдерін жатқа оқыды. Мерекелік іс-шара әсем әнмен жалғасын тапты.
 
 

Посмотреть новость на сайте учреждения

Вернуться к списку новостей

Комментарии


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Обсуждение не найдено


Заполняем школьные сайты

15

Помогаем, советуем, предлогаем как лучше всего заполнить сайт

Единый Образовательный портал

1

Единый Образовательный портал

Образование

1

Образование

Официальное сообщество школы-гимназии №3 города Астаны

0

Официальное сообщество школы-гимназии №3 города Астаны