Акцияны өткізудің мақсаттары мен міндеттері:
- ақпараттандыру арқылы оқушылар мен олардың ата-аналарының азаматтық жауапкершілігін арттыру;
- оқушыларды сапалы теңдестірілген тамақпен, қолжетімді, жылы, таза және қауіпсіз санитарлық тораптармен қамтамасыз ету үшін нормаларға жауап беретін педагогтар мен мектеп әкімшілігінің назарын аудару.
- белсенді қатысушыларды ынталандыру (мектеп, оқушылар және т.б.).
Акция «Мектепті жақсартуға көмектес!» ұранымен өткізіледі.
Ұсынылатын материалдарға қойылатын негізгі талаптар
1) материалдар ұзақтығы 2 минуттан аспайтын бейне және 10 суреттен аспайтын фото түрінде ұсынылуы мүмкін;
2) материалдар білім беру ұйымының атауы және оның мекенжайы көрсетіле отырып жолданады;
3) деректер көрсетілмеген материалдарды жұмыс тобы қарамайды;
4) материалдар мектеп асханаларында (ас блоктарында), білім беру ұйымдарының санитариялық тораптарында талаптарды сақтау проблемалары туралы журналистік сюжеттер түрінде ұсынылуы мүмкін.
5) білім беру ұйымдарында санитариялық нормалар талаптарының бұзылуы туралы материал жолдаған адамдар туралы ақпарат науқанды ұйымдастырушы тарапынан жария етілмеуге тиіс.
Күтілетін нәтижелер:
Посмотреть новость на сайте учреждения
Официальное сообщество школы-гимназии №3 города Астаны