Ахмет Байтұрсынұлы - ғасыр саңлағы!
Бүгін (5 қыркүйек) ұлт ұстазы, мемлекет және қоғам қайраткері, реформатор, сан қырлы ғалым Ахмет Байтұрсынұлының туған күні (1872-1937ж.ж.) Ахмет Байтұрсынұлы - ғасыр саңлағы!
Алаштың арда азаматының 150 жылдық мерейтойы ЮНЕСКО көлемінде әлемнің бірнеше елінде, Қазақ жерінде, туған жері киелі мекен Торғай өлкесінде ұлт ұстазы ұлықталуда! Іс-шараға Ахметтанушы ғалымдар, академиктер, және ұрпақтары қатысып,бабамыздың рухына тағзым жасады.
Ахмет Байтұрсынұлы атындағы № 48 мектеп-лицейден "Алаш" экспедиция тобы құрылып, атамыздың туған жеріне барып, рухына құран бағыштап және зерттеу жұмыстарын жүргізіп келді. Топ құрамында жетекшіміз Алтын Момысқызы бастаған Сырғагүл Сайлаубекқызы білім ордамыздың ұстаздары Алия Қуанышбековна, Жақсыбай мұғалім, Сандуғаш, Феруза, Орынбасар Тасболатовнаға алғысым шексіз! Мектеп директоры Сырғакүл Нуралиева Сайлаубекқызына және экспедициямызға тілекші болған барша әріптестерімізге рақмет айтамыз! Бізге жағдай жасап іс-сапарымызды қолдағаны үшін!
Ахмет атамыз қазақ халқының болашағы үшін өз өмірін құрбан етті.Қазақ халқы Ахмет атамыздың азаттық жолында жасаған еңбегін ешқашан ұмытпайды! Бабамыздың рухына мың тағзым!
Посмотреть новость на сайте учреждения
Вернуться к списку новостей
Комментарии