Алаштың арда азаматының 150 жылдық мерейтойы ЮНЕСКО көлемінде әлемнің бірнеше елінде , әрине, алдымен Қазақ елінде кең ауқыммен тойланып жатыр.
Бүгін Ахмет Байтұрсынұлы атындағы № 48 мектеп-лицейде ақынның 150 жылдық мерейтойына арналған қалалық іс - шара болып өтті.
Келген жас мамандар мектебімізде ашылған Ахмет Байтұрсынұлының мұражайына саяхат жасаумен бастады. Тарих пәнінің мұғалімі Сапарғали Әлихан бір басында сан - салалы өнер тоғысқан телегей - теңіз білім иесі, қалың елін жарқын болашаққа жетелеу жолында еңбек сіңірген , туған халқының бостандығы жолында құрбан болған қайраткердің өшпес өнегелі жолдарына шолу жасап, мағлұматтармен бөлісті.
"Мұғалім - мектептің жаны" тақырыбында жас мұғалімдерге А. Байтұрсынұлының шығармалары мен өлеңдерінен талдау жасалып, әдістерімен алмасты. Бұл салада өзіндік еңбек жолдары бар қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімдері Ильясова Лаззат Бақтыбайқызы мен Капшаева Гүлшат Аблашқызы іс тәжірибелерімен бөлісті.
Соңынан мектеп көркемөнерпаздарының күшімен қойылған концерттік бағдарламамен жалғасты. Кируова Жанат орындаған
Сөзі мен әні Алтай Сейтқасымовтың "Айналайын Торғайым" , ұлт ұстазының ақындық жолын жалғастырушы Садуақас Ерасыл "Ахметтің күні " атты арнауын оқыса, Ахаңның өлеңдері мен нақыл сөздерін өрелі де зейінді 3 сынып бүлдіршіндері жатқа оқыған өлең шумақтарымен жалғасты. "Ұлтының ұлы ұстазы" атты туындыны Алмат Жаңбырбайұлы әннен шашу шашты, авторлары Тоба Өтепбаев, Қанат Едресов мектеп ұстаздары болып табылады. Сонымен қатар Ахметтің "Газет - халықтың көзі, құлағы, һәм тілі, деп көрсеткендей Ахаңның сара жолдары мен өмірін қамтитын мектеп мұғалімдерінен құралған қойылыммен кештің мәресіне жетіп, қонақтарға сөз берілді.
Бүгінгі айтулы іс-шараны ұйымдастыруға мұрындық болған Білімді беруді жаңғырту орталығының қазақ тілі мен әдебиетінің әдіскері Маманова Жанар Сейдахметова мен мектеп директорының ғылыми - әдістемелік ісінің орынбасары Ибраимова Қамажай Ибраимқызына алғыс білдіреміз. Осындай айшықты шаралар мектебімізде жалғасын таба бермек...

Посмотреть новость на сайте учреждения
Официальное сообщество школы-гимназии №3 города Астаны