Меню KDT

Новости

Главная Новости

Тағылымы мол шара

         Т.Айбергенов атындағы №16 орта мектепте жаңа оқу жылы басталысымен мәдени шаралар өте бастады.  Қазақстан халықтарының тілдері күні мен  ұлт тұлғасы Ахмет Байтұрсынұлының туғанына 150 жыл толу мерекесі мектептің ішкі жоспарына сәйкес  атап өтілді. А.Байтұрсынұлының шығармаларымен мектеп оқулығынан танысатын 6 сынып оқушылары ақынның  шығармашылығы бойынша «Қырық мысал» сахналық көрінісін қойды.   Қазақ әдебиетінің,  ұлт руханиятының дамуына зор үлес қосқан Ахмет Байтұрсынұлының шығармаларының мәні күні бүгінге дейін өзекті екені белгілі. Соның ішінде ғибраттық сипаты мол «Қырық мысал» жинағы – орыс ақыны И.Крыловтан аударған көркем шығармалары. Ақын мұнда әлеуметтік өмірдің, адамға тән мінез-құлықтың жағымсыз қырларын көрсетіп,  гуманистік ойға шақырады. Оқушылар мысал кейіпкерлерінің  костюмдерін киіп, шығармалардың  идеялық ерекшелігін ашатын бейнелерді сахналады. Мысал теріс қасиеттерді сынай отырып, адамгершілікке, мейірімділік пен адами қасиеттерге шақыратын жанр. Мысалдың осы сипатын сахналаған оқушылар ойларын қазақ, ағылшын, орыс тілдерінде жеткізді. Оқушылар мысалдағы әрбір образды нақты әрі қызықты көрсете алды. Осы шаралар арқылы шәкірттердің  ана тіліне, көркем шығармаға деген қызығушылығы тереңдеп, тәрбие мен өнегелі сипаттарды тани түскені анық.


Посмотреть новость на сайте учреждения

Вернуться к списку новостей

Комментарии


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Обсуждение не найдено


Заполняем школьные сайты

15

Помогаем, советуем, предлогаем как лучше всего заполнить сайт

Единый Образовательный портал

1

Единый Образовательный портал

Образование

1

Образование

Официальное сообщество школы-гимназии №3 города Астаны

0

Официальное сообщество школы-гимназии №3 города Астаны