Сырбайдың ғажап сырлары
Сырбайдың ғажап сырлары
⠀
Қазақ поэзиясына нағыз сыршыл сезімді, шынайы, көркем бейнелі өлең үлгісін әкелгендердің жуан ортасында дүр тұлғалы Сырбай ақынның орны өзгеше. Қан майданда қар жастанып, мұз төсендірген соғыстың қайғы-қасіретін, өмір мен өлім айқасын өз көзімен көруі, көңілге түюі – ақын жырларының аясын кеңейтіп, көрген-білгенін ойында терең қорытып, тіршілік философиясына айналдыруына себепші болғаны анық.
⠀
Сырбай Мәуленов атындағы № 37 мектеп-лицейі ақынның 100 жылдығына орай ұйымдастырған «Сырбайдың ғажап сырлары» атты қалалық эстафетасы мәресіне жетті. Мектеп-гимназиямыздың 10 «Ә» сынып оқушысы Ж. Кельденова қатысып, «Асыл сөздің ұстасы» номинациясына ие болды.
Қалалық іс-шараға белсене қатысып, үздік нәтиже көрсете білгені үшін жетекшісі Ж. Сабанбаева ұстазымызға алғыс білдіреміз. Шәкірттеріңіздің зейіні артып, биік белестерден көріне берсін!
Посмотреть новость на сайте учреждения
Вернуться к списку новостей
Комментарии