Спорт шеберлігіне үміткер
Спорт шеберлігіне үміткерҚазақша күрес – қазақ халқының ерте кезден қалыптасқан спорт ойындарының бірі. Басқа күрес түрлерімен салыстырғанда қазақша күрестің өзіндік ерекшеліктері көп.Мектебіміздің 9 «Д» сынып оқушысы Ж. Бекпенбетов қазақ күресінен спорт шеберлігіне үміткер атанды. 5 жылдан бері үздіксіз қатысып, түрлі деңгейдегі жарыстарда оң нәтиже көрсетіп келеді. Павлодар қаласы Баянауыл ауданында өткізілген Республикалық жарыста 38 кг салмақ дәрежесінде ІІ орын иеленді. Сондай-ақ, спорт шеберлігі нормативін тапсырды. Оқушымыздың жетістігімен шын жүректен құттықтаймыз. Ел намысын білегі мен білімімен қорғайтын азамат болып өсе беруіне тілектестік білдіреміз
Посмотреть новость на сайте учреждения
Вернуться к списку новостей
Комментарии