Білім күні құтты болсын!
Бүгін 1 қыркүйек - Білім күніне орай "Кел балалар, оқылық!" атты алғашқы қоңырау салтанатты жиыны өткізілді.



Биыл мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев 2022 жылды «Балалар жылы» деп жариялап, өскелең ұрпақтың үйлесімді дамуы мен бақытты балалық шағы біздің жалпы ұлттық міндетіміз деп айқындаған еді.
Мектеп табалдырығын алғаш аттап отырған еліміздің ертеңі, балдырған бүлдіршіндеріміз болашақтарыңыз жарқын, айқын болсын!.
Білім күні құтты болсын!
Мектеп оқушыларына біріңғай білім сабағы өтілді.
Тақырыбы:"Білімге ұмтылу, еңбексүйгіштік және отаншылдық".
Бірыңғай сынып сағатының мақсаты: білім алушылармен бірге білімге
ұмтылу, отаншылдық, еңбексүйгіштік құндылықтарының адам өміріндегі рөлін
талқылау.
Міндеттері:
- білім алушыларға құндылықтар жөнінде жалпы ақпарат беру;
- білім алушылармен бірге құндылықтардың адам өміріндегі рөлін
талқылау;
- отаншылдық, құрмет және азаматтық сана құндылықтарын дарыту;
- сыныптың жағымды микроклиматын және жаңа оқу жылына жағымды
көңіл-күй қалыптастыру.
Сынып сағаты барысында:
- балалардың жазғы демалыстан алған әсерлері, сондай-ақ жаңа оқу
жылы ерекшеліктері мен алдағы оқу жоспарымен таныстырылып, талқылау жүзеге асты.
Бірыңғай сынып сағатын өткізу кезінде білім алушылардың жас ерекшеліктері мен олардың дайындық деңгейі ескеріліп, назардан тыс қалмады!
Посмотреть новость на сайте учреждения
Вернуться к списку новостей
Комментарии