«Терең білім, еңбекқорлық және отаншылдық қасиет » тақырыбында жалпы ата- аналар жиналысы
2022 жылдың 2 қыркүйек күні Нұр-Сұлтан қаласы «Қаныш Сәтбаев атындағы №61 орта мектеп» КММ «Терең білім, еңбекқорлық және отаншылдық қасиет » тақырыбында жалпы ата- аналар жиналысы өткізілді.
Күн тәртібінде:
1. 2022-2023 оқу жылына дайындық барысы.
2. Жалпы оқу қоры.
3. Оқушыларды оқулықпен қамтамасыз ету.
4. Мектептің ішкі тәртібі. Қауіпсіздік ережелері.
Осы тақырыптар төңірегінде ата- аналар белсене қатысып, өз сұрақтарына жауап ала алды.
2022-2023 оқу жылында ата- аналар мектептің дамуына, балаларының білім алуына өз үлестерін қосатынын айтты.
Сондай-ақ мектеп басшысы мен мұғалімдерге биылғы оқу жылына сәттілік тілеп, алғыстарын білдірді.
Посмотреть новость на сайте учреждения
Вернуться к списку новостей
Комментарии