Меню KDT

Новости

Главная Новости

Ғалитану

«Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыра отырып, артына айрықша өшпейтін із қалдырған, №7 мектеп-гимназиясына есімі берілген Ғали Ормановтың өмірі мен шығармашылығына шолу жасау арқылы қазақ поэзиясының қалыптасып-дамуына, өсіп-өркендеуіне үлес қосқан еңбегі жайлы насихаттап, оқушы бойына елжандылық, Отансүйгіштік, адамгершілік қасиеттерді дарытып, рухани байлықты сіңіру – заман талабы. Ақынның өмірін, мінезін, әдет-әдебін жұртшылыққа молырақ көрсететін, оның ақындық сырларын аша түсетін деректер замандас қаламгерлерде көп кездесетіні де даусыз. Сондықтан, Ғали ақынымыз бұл жағынан да оқушыларымызға аса қымбат. Мектебімізге есімі берілсе де, ақынды толық танып, білуде, оқытуда кем тұстары байқалады. Қазіргі таңда Ғали Ормановтың ақындық әлемін, өлең өнеріндегі өзгешелігін, шеберлігін танытуға мектеп оқушыларын жаңартылған білім беру бағдарламасына сәйкес, қажеттілік туындауда.
Мақсаты: Ғали Ормановтың өмірі мен шығармашылық өнерін, қазақ поэзиясындағы өлеңді бейнелеу, суреттеумен берген сан-салалы өлеңдерін оқыту, меңгерту.
Ғалитану пәнінде Ғали Ормановтың өмірі мен қоғамдық орны, аудармашы –публицист, поэзиядағы алғашқы бастаулары, қалыптасуы, дамуы туралы мәліметтері беріліп, олар әр сынып оқушыларының жас ерекшеліктеріне қарай нақтыланды. Ғали ақынды зерттеп, оның шығармашылығының дамуына, таралуына үлес қосқан зеттеушілердің еңбектері атап көрсетілді. Мектеп бағдарламасында оқытылмайтын өлеңдері тарауларға бөлініп берілді.
Ғали шығармаларын оқыту технологиясы үш бөлімнен тұрады:
• Шығарманы меңгерту
• Шығарманы талдау
• Шығарма бойынша оқушы әсерінен тұратын ауызша-жазбаша тапсырмалар, шығармашылық жұмыстар
Күтілетін нәтижелер:
- Ақын өмірі мен поэзиясын біледі
- Ақын өлеңдерінің мәнін түсініп,өмірге бейімделеді
- Өлеңді талдап,өз ойларын еркін,әрі шебер жеткізе біледі.
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Посмотреть новость на сайте учреждения

Вернуться к списку новостей

Комментарии


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Обсуждение не найдено


Заполняем школьные сайты

15

Помогаем, советуем, предлогаем как лучше всего заполнить сайт

Единый Образовательный портал

1

Единый Образовательный портал

Образование

1

Образование

Официальное сообщество школы-гимназии №3 города Астаны

0

Официальное сообщество школы-гимназии №3 города Астаны