Меню KDT

Новости

Главная Новости

«Кітап әлемді бағындырады», "3D кітап жасау" практикалық жұмысы ұйымдастырылды.

Халықаралық мектеп кітапханалары 10 күндігі аясында №70 мектеп-лицей кітапханасында, А. Байтұрсынұлы атындағы №48 мектеп-лицейімен бірлесе, «Кітап әлемді бағындырады», "3D кітап жасау" практикалық жұмысы ұйымдастырылды.
Практикалық жұмыстың мақсаты: Оқушылардың оқу мәдениетін дамыту, рухани байуының бірден бір тегі - кітап екендігін ұғындыру. Жанының шамшырағын кітап арқылы ашады. Өзінің мінезін өзгертеді. Көркем, шебер сөйлеуге дағдыланады. Кітапты сүюге, оны күтіп ұстауға тәрбиелеу, кітаптың адам өміріндегі аса маңызды рөлін түсіндіріп, оқушылардың кітапқа деген қызығушылығын арттыру.
Оқушылар «Quizizz» бағдарламасы арқылы тест сұрақтарына белсене қатысып, кітап жайлы бұрын соңды естімеген қызықты деректермен танысты. Оқушыларға қазақ жерінде және әлемде ең алғашқы жазылған кітаптар тарихы баяндалды.
Оқушылар өз қолдарымен 3Д кітабын жасады. Әр топқа суреттер, қағаз, желім, қалам т.б. заттар таратылды. Балалар алдымен өздері ертегі немесе әңгіме құрастырды. Сол қиялдарынан туған ертегісінің желісі бойынша суреттер жабыстырып кітап жасап шығарды. Бұл тапсырмада балалардың қиялы, ой ұшқыры, тіл байлығы білінеді.
Практикалық жұмыстың соңында оқушылар орындаған жұмыстарын саралап, салмақтап, сабақтың ұнаған сәттерін, жаңадан білген үйренген жұмыстары туралы өз ойларын қағаз бетіне түсіріп, стикер ағашына жапсырды.










Посмотреть новость на сайте учреждения

Вернуться к списку новостей

Комментарии


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Обсуждение не найдено


Заполняем школьные сайты

15

Помогаем, советуем, предлогаем как лучше всего заполнить сайт

Единый Образовательный портал

1

Единый Образовательный портал

Образование

1

Образование

Официальное сообщество школы-гимназии №3 города Астаны

0

Официальное сообщество школы-гимназии №3 города Астаны