Тілдер мерекесіне арналған іс-шаралар
2022 жылдың 22 қыркүйегі күні өзге ұлт оқушылары арасында Қазақтың ұлы жазушысы Мұхтар Әуезовтың 125 жылдық мерейтойымен орайластырылған, Тілдер мерекесіне арналған іс-шара өтті.Осы іс- шарада оқушылар ұлы жазушының еңбектерін атап өтті. Абай жолы романының “Қайтқанда" бөлімін сахналандырып, қазақтың ұлы ақыны Абай рөлін сомдады. Мұхтар Әуезов туралы жазған ғалымдардың керемет сөздері оқылып, Абай Құнанбайұлының қарасөздеріне талдау жасады. Тіл туралы өлеңдер жатқа оқылып, қазақтың күйі орындалды. Іс-шара “Қазақ тілі” өлеңін жатқа оқумен аяқталды. Оқушылар мемлекеттік тілді сыйлап, құрметтеу керектігін түсініп кетті. 15 мектеп-лицейде Қазақстан халқы тілдері фестивалі , қазақ тілі мен әдебиеті пәні онкүндігі аясында “Ұлттың ұлы ұстазы» тақырыбында интеллектуалдық іс -шара 8 «В» сынып оқушылары арасында өтті. Өткізген- қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Аубакирова Г. Т. Сайыс үш кезеңнен тұрды. 1. «Сәлем- сөздің атасы» турында әр топ өздерін таныстырудан бастады. Бірінші топ –«Бүркіт» тобы: Абильдинов А., Жакина К., Кадыров Р.,Машрупов И., Мусаева А., Рахмидинов Р. , екінші топ- «Қыран» тобы: Рыбин Р.,Сагадатов А., Салимова А., Ткаченко О., Черненко Л., Эккардт С. болып бөлінді. 2. «Ой сергек» Ақын қоғам қайраткері, педагог-ұстаз, Ахмет Байтұрсынұлының құнды мұралары бойынша сұрақтарға жауап берді. 3. «Ізденіс» Ахмет Байтұрсынұлының еңбектері бойынша постер қорғау болды. Оқушылар сайысқа белсене қатысты. А.Байтұрсынұлының ақындығы, өмірбаяны, аудармалары, асыл мұралары, түрлі тақырыптағы сұрақтарға жауап берді. Сайыста “Бүркіт” тобы жеңіске жетті.




2022 жылдың 22 қыркүйегі күні өзге ұлт оқушылары арасында Қазақтың ұлы жазушысы Мұхтар Әуезовтың 125 жылдық мерейтойымен орайластырылған, Тілдер мерекесіне арналған іс-шара өтті.Осы іс- шарада оқушылар ұлы жазушының еңбектерін атап өтті. Абай жолы романының “Қайтқанда" бөлімін сахналандырып, қазақтың ұлы ақыны Абай рөлін сомдады. Мұхтар Әуезов туралы жазған ғалымдардың керемет сөздері оқылып, Абай Құнанбайұлының қарасөздеріне талдау жасады. Тіл туралы өлеңдер жатқа оқылып, қазақтың күйі орындалды. Іс-шара “Қазақ тілі” өлеңін жатқа оқумен аяқталды. Оқушылар мемлекеттік тілді сыйлап, құрметтеу керектігін түсініп кетті. Өткізгендер- қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдері Дулатбай К.К. мен Дауетаева Г.Т.
Посмотреть новость на сайте учреждения
Вернуться к списку новостей
Комментарии