

Астана қаласының №27 мектеп-лицейінде ҚР ТЖМ Мәлік Ғабдуллин атындағы Азаматтық қорғау академиясына оқуға түсуді насихаттау және өрт сөндіруші-құтқарушы мамандығының имиджін көтеру мақсатында 11 сынып оқушыларына үгіт-насихат жүргізілді. Әңгіме барысында ҚР ТЖМ М. Ғабдуллин атындағы Азаматтық қорғау академиясының Байконыр ауд. ТЖБ азаматтық қорғау подполковнигі Асылхан Серикулы Куанышев академияға түсу ережелері, талапкерлерге қойылатын негізгі талаптары мен оқу орнының артықшылығын айтып берді. Оқушыларға ҚР ТЖМ Мәлік Ғабдуллин атындағы Азаматтық қорғау академиясына түсу ережелері жөнінде жадынамалар табыс етілді.
№27 мектеп-лицейінің педагог-профориентаторы Жұмабай А.М.
Посмотреть новость на сайте учреждения
Официальное сообщество школы-гимназии №3 города Астаны