А. Байтұрсынұлы атындағы №48 мектеп-лицейде жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың І (мектепішілік) кезеңі өтті.
Бүгін, 12 қараша күні А. Байтұрсынұлы атындағы №48 мектеп-лицейде жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың І (мектепішілік) кезеңі өтті. Олимпиаданың ашылу салтанатына мектеп директоры Ғани Бақытұлы қатысып, оқушыларға білім сайысында өз қабілеттерін көрсетіп, аудандық, қалалық, республикалық кезеңдерде жүлделі орындар алуына тілек білдірді. Барлығы 192 оқушы қатысып, білім бәйгесінде бағын сынады. Шәкірттерімізге сәттілік тілейміз!
Посмотреть новость на сайте учреждения
Вернуться к списку новостей
Комментарии