

Мектебіміздің үлгілі шәкіртінің бірі 6 «В» сынып оқушысы Айтуған Назым «Бидайдың адам өміріне маңыздылығы» тақырыбында биология пәні мұғалімі Жүргенбай Таңшолпан Жайлыбайқызының жетекшілігімен зерттеу жұмысын жасап келеді. Бидай дәнінің құрылымын зерттеу, бидайдың адам өміріндегі маңыздылығын анықтау, бидайды ұтымды пайдалануды үйрету жұмыстарызерттеудің мақсаты болып табылады.
«Жүгеріні салауатты өмір салтының құрамдас бөлігі ретінде пайдалану» тақырыбында жас маманымыз Салауат Таңшолпанның ғылыми жетекшілігімен 8 «Ж» сынып оқушысы Жүніс Айым айналысып келеді. Бұл жұмыс жүгерінің пайда болу тарихы және өсімдікті адамдардың пайдалануы туралы білімдерін толықтырады. Жүгеріні пайдалану бойынша кеңестерді қолдана алады.
«Мектеп алаңында күнбағыстың өсіру тәсілдері мен технологиясын зерттеу» тақырыбында 7 «Б» сынып оқушысы Шамшат Кәусар ғылыми жетекшісі Жылгельдина Макпал Акылбековнамен зерттеу жұмысын жасады.
«Мектеп алаңында күнбағыс өсіру оңай, ол күнді жақсы көреді және оған ұқсайды. Сондай-ақ күнбағыс адамға үлкен пайда әкеледі. Енді мен осы өсімдіктің неге сонша егістікке отырғызылғанын түсіндім. Менің жұмысымның мәліметтері күнбағыс тұқымдарының көптеген пайдалы қасиеттері бар екенін көрсетеді.Бірақ, сонымен бірге, сіз бұл өнімді ағзаға қалай пайдалы пайдалану керектігін білуіңіз керек. Бұл материалды салауатты өмір салтына арналған сынып сағаттарында немесе сыныптан тыс шараларда қолдануға болады» - дейді жас зерттеуші.
Бұл жоба арқылы біздің мектебіміздің оқушыларының жеке тұлғасын дамытуда оң нәтиже берді. Олардың қоянға деген қызығушылықтары, сүйіспеншілігі және қамқорлығы арқасында мейірімділігі артты. Соның нәтижесінде кейбір оқушылардың қызығушылықтары артып, үйлерінде де қоян асыраған оқушылар болды.
Посмотреть новость на сайте учреждения
Официальное сообщество школы-гимназии №3 города Астаны