

Бүгін Синергия университеті бөлімінің басшысы мектебіміздің 11 сынып оқушыларына университетті таныстырып, қашықтықтан оқу мүмкіндігі туралы ақпараттар берді. Сонымен қатар оқу орны туралы бірқатар фактілер аталды, олар:
- ТМД бойынша 15 оқу ғимараты;
- ҰБТ және КТА-сыз оқуға түсу;
- Мемлекеттік үлгідегі диплом;
- Мемлекеттік аккредиттеу және мерзімсіз лицензия және т.б.
Синергияда электронды оқыту гуманитарлық, заңгерлік, экономикалық, менеджмент факультеттерінде 60-тан астам мамандық бойынша қолжетімді екенін атап өтті.
Оқушыларға «Синергия» университетіне түсу ережелері жөнінде жадынамалар табыс етілді.
№27 мектеп-лицей педагог-профориентаторы Жұмабай А.М.
Посмотреть новость на сайте учреждения
Официальное сообщество школы-гимназии №3 города Астаны