Меню KDT

Новости

Главная Новости

4-сыныптар арасында "Математикалық квест" ойыны өткізілді.

Бүгін мектебімізде бастауыш бірлестігінің онкүндігі аясында 4-сыныптар арасында "Математикалық квест" ойыны өткізілді. Сыныптан тыс шараның мақсаты: математикадан оқушылардың білімге құштарлығын арттыру, ой-өрісін кеңейту, ойлау, сөйлеу қабілетін дамыту, оқушыларды ізденушілікке, ептілікке, зейінділікке, алғырлыққа,тапқырлыққа тәрбиелеу. Бұл ойынды ойнай жүріп тапсырмаларды орындау барысында оқушылар есептердің қиын екенін сезбей, қызығына батып кететін жағдайлар орын алды.Квест – шытырман ойындар тобына жатады. Ойын барысында қатысушылар мақсатқа жету үшін белгіленген кедергілерден өтуге тырысып бақты . Оқушылар топпен жасырылған математикалық сауаттылық тапсырмаларын орындап, бөлменің есігін ашу кодын құрастырды. Тез әрі шапшаң тапсырмаларды орындаған топтар жеңіске жетті. Оқушылардың көңіл -күйі ерекше көтеріңкі болды.














Посмотреть новость на сайте учреждения

Вернуться к списку новостей

Комментарии


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Обсуждение не найдено


Заполняем школьные сайты

15

Помогаем, советуем, предлогаем как лучше всего заполнить сайт

Единый Образовательный портал

1

Единый Образовательный портал

Образование

1

Образование

Официальное сообщество школы-гимназии №3 города Астаны

0

Официальное сообщество школы-гимназии №3 города Астаны