Ұлы ақын Пушкиннің шығармашылығын зерделеу аяқталғаннан кейін "Пушкин балы" өтті
27.10.22ж №72мектеп-лицейінде Ұлы ақын Пушкиннің шығармашылығын зерделеу аяқталғаннан кейін "Пушкин балы" өтті. Іс-шарада 9-11 сынып оқушыларынан құралған 65 жұп XIX ғасырдың билерін орындады: мазурка, вальс, полонез, полька. Жүргізушілер Пушкиннің өмірі мен шығармашылығына тоқталып, оқушылар өлеңдерін оқыды, оның шығармаларынан үзінділер көрсетті. Оқушылардың шығармашылығын тамашалауға пән мұғалімдері, сынып жетекшілері, ата-аналар қатысты. Іс-шара жоғары деңгейде өтті. Табысқа оқушылардың танымдық қызығушылығы, олардың белсенділігі мен бірлігі арқасында қол жеткізілді. Іс-шараның барлық міндеттері іске асырылып, мақсатқа қол жеткізілді. Іс-шара соңында мектеп директоры қолдау және алғыс сөз сөйледі.