2022 жылы 09 желтоқсан күні Тәуелсіздік күніне арналған тәрбиелік іс-шаралар аясында, 5-7, 8-11сыныптар арасында «Тәуелсіздігіміз – ең басты құндылығымыз » тақырыбында мектепішілік эссе жазу сайысы өткізілді. Шараны тәрбие бөлімі мен қазақ тілі және әдебиеті пәндерінің мұғалімдері ұйымдастырды.
Сайыстың мақсаты: тәуелсіз Қазақстан мемлекетін өркендетуге, Тәуелсіздігіміздің шексіз, мәңгі болуына адал қызмет ететін білімді де жан-жақты дамыған, интеллекті жоғары, батыл текті, намысты ұрпақ, шынайы патриоттар тәрбиелеу. Өз Отанын сүюге, туған елінің тарихын, зиялы тұлғаларын тануға шақыру; оқу сауаттылығын, эссе жазу дағдыларын арттыру.
Эссе жазу сайысына жалпы 135 оқушы қатысты. Қатысқан оқушылардың ішінен эссе жазу талабына сай ең үздік эсселер іріктеліп алынды. Дайындаған мұғалімдері: А.А. Дәуренбекова, А.Б. Шотпаева, А.К. Оңдыбаева, Э.Т. Карымсакова, Т.Б. Ибраимова.
Төмендегі оқушылар үздік нәтиже көрсеткені үшін марапаттауға ұсынылды..
8-11сыныптар бойынша:
І орын
Бейсенбаева Анель 9 «М»
Төлеутай Қырмызы 9 «М»
ІІ орын
Мұратқызы Медина 9 «Д»
Серікбай Сұлтан 9 «М»
Нурбекова Ажар 11 «М»
ІІІ орын
Русланқызы Жанерке 9 «В»
Айділдә Еркежан 8 «Б»
Бекет Аружан 8 «Г»
Балгожин Карим 9 «К»
Бейбіт Дариға11 «М»
5-7сыныптар бойынша:
І орын
Габдуалиева Медина 7 «Б
Ілескен Асемай 7 «Б»
ІІ орын
Орынтаева Аружан 7 «Б»
ІІІ орын
Умбет Ажар 5 «Б»
Посмотреть новость на сайте учреждения
Официальное сообщество школы-гимназии №3 города Астаны