12 желтоқсан күні А.Сейдімбек атындағы №54 мектеп-лицейде жазушы-ғалым Ақселеу Сланұлының 80 жылдығына арналған «Ұлт руханиятының алтын асығы» тақырыбында халықаралық танымдық-практикалық конференциясы өтті. Конференцияға мектебімізден қазақ тілі пәнінің мұғалімі Л.Б.Ильясова және қалалық «Ақселеу оқулары» сайысының «Ғылымнан ғалымдыққа» номинациясы бойынша жүлделі 2 орынды жеңіп алған 9 «Ә» сынып оқушысы Кенжебек Диас қатысты. Конференция барысында Т.Жұртбай, Қ.Ө.Сақ, Г.Ж.Болатова сынды ғалымдар өнер зерттеушісі, этнограф, шежіреші Ахаңның зерттеулері жайлы баяндамаларын оқып, естеліктерімен бөлісті. Бұл - ғалым шығармашылығын зерттеген оқушылар үшін құнды ақпарат болды. Конференция соңында «Астана дарыны» орталығының директоры Г.Қ.Тұрсынов жүлдегерлерді құттықтап, І,ІІ,ІІІ орын иегерлерін марапаттады.
Этнограф-ғалымның шығармашылығын оқып-талдап, ғылыми-танымдық зерттеуін жазған, үлкен додада жүлделі орынға ие болған Диасты және жетекшісі Ләззат Бақтыбайқызын құттықтаймыз.


Посмотреть новость на сайте учреждения
Официальное сообщество школы-гимназии №3 города Астаны