14.12.22ж. «Тарихқа сыр шертетін ескерткіштер» атты танымдық сағат өткізілді.
14.12.22ж. «№15 мектеп-лицейінің» кітапхана залында, 8 «Б» сынып оқушылары мен кітапхана меңгерушісі Таслима Жумагалиевнаның ұйымдастыруымен «Тарихқа сыр шертетін ескерткіштер» атты танымдық сағат өткізілді. Тәуелсіздік туралы терең мағлұматтар берілді, елтарихына шолу жасалып, Тәуелсіз еліміздің жетістіктерімен таныстырылып, Қазақ елінің еркіндігі, бостандық жолына бас тіккен азаматтар, туған елінің тәуелсіз мемлекет болғанын көре алмай өткен желтоқсан батырларының рухына тағзым етіп, есімдері еске алынды. Оқушыларға желтоқсан көтерілісі туралы сұрақтар берілді, бейнебаян көрсетілді. Таслема Жумагалиевна Тәуелсіздік жайында кітаптармен таныстырды, желтоқсан көтерілісі жайында жарияланған мақалалар, әңгімелер оқып, М.Жұмабаевтың «Мен жастарға сенемін» атты өлеңімен оқушыларды мерекемен құттықтап, жылы лебізін білдірді.
Посмотреть новость на сайте учреждения
Вернуться к списку новостей
Комментарии