Жақында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай 2-11 сынып оқушылары арасында Мектепішілік Шахмат Олимпиадасы болып өтті.
Олимпиаданың мақсаты:
- мектеп оқушылары арасында шахмат ойынын насихаттау
- талантты және үздік ойыншыларды анықтау және оларды қалалық мектеп оқушылары арасындағы турнирлар мен чемпионаттарға іріктеу
- зияткерлік спорт түрлерін дамыту
Жарыс швейцариялық жүйе бойынша 2-4 сыныптар және 5-11 сыныптар арасында өтті. Турнирға 80-ге жуық оқушы қатысып тартысты өтті.
Жеңімпаздар мен жүлдегерлер
2-4 сыныптар арасында:
Шамған Нұрәлі - 1 орын жеңімпазы, 3 «Ә» сынып оқушысы
Естай Жантөре - 2 орын жүлдегері, 3 «Ә» сынып оқушысы
Анарбай Даниал - 3 орын жүлдегері, 3 «В» сынып оқушысы
5-11 сыныптар арасында:
Жанәділ Бақыт – 1 орын жеңімпазы, 11 «Ә» сынып оқушысы
Адильбеков Мажит – 2 орын жүлдегері, 9 «Д» сынып оқушысы
Тұрдыбаев Сәкен – 3 орын жүлдегері, 11 «А» сынып оқушысы
Жеңімпаздар мен жүлдегерлер арнайы медаль және мадақтамалармен марапатталды.
Жарыс нәтижесі бойынша үздік ойыншылар мектепаралық, аудандық, қалалық және республикалық турнирлерде мектеп намысын қорғайтын болады.
Барлық қатысушыларға алдағы жарыстарда жеңіс тұғырынан көрінулеріне тілектеспіз!


Посмотреть новость на сайте учреждения
Официальное сообщество школы-гимназии №3 города Астаны