15.12.2022 жыл күні №68 мектеп-гимназиясында «Тұғыры биік Тәуелсіздік!» атты мәнерлеп өлең оқу іс-шарасы арнайы сыныпта білім алушы оқушылармен, ерекше білімді қажет ететін оқушылардың қатысуымен өткізілді.
Оқушылардың дүниетанымын дамыту, өлең сөзге деген қызығушылықтарын кеңейту. Отанды сүюге, туған еліне, жеріне деген сүйіспеншілігін арттыру, әсемдікке, жауапкершілікке, елге, жерге деген патриоттық сезімдерін ояту, елінің мұрасын жалғастырушы азамат болуға тәрбиелеу мақсатында үйлестіруші Ж Утебаева , педагог-психолог Р Сайлаубаева, оқушылардың педагог- ассистент мамандары іс –шараны ұйымдастырды.
Қатысушы сынып оқушылары арасына ерекше танымдық мәнерін көрсете білген 1 «Ғ» сынып оқушысы Шопан Абзал, 1 «Б» сынып оқушысы Сағынған Нұрислам, 3 «З» сынып оқушысы Аубакир Исмил, 4 «Г» сынып оқушысы Давранов Диарбек, 4 «Ж» сынып оқушысы Төлеутай Айзере, 7 «Д» сынып оқушысы Марат Рақым, 9 «Ә» сынып оқушысы Шилдибай Айбек өз қабілеттеріне қарай өлең шумақтарын шынайы отансүйгіштік мәнермен жігерленіп орындай білді.
Сонымен қатар арнайы сынып оқушылары 1 «Л» сыныбынан Әбілқай Ардақ, 2 «И» сыныбынан Құтыбай Дидар, Рамазан Алуа, 3 «Л» сыныбынан Мақсатұлы Ерзат,Серіжанұлы Әли, Таубекова Айзере, 7 «К» сыныбынан Жамбыл Әли, 8 «Е» сыныбынан Каримжанов Бекжан өз өнерлерін жақсы көрсете білді. Барлық қатысушыларды директордың оқу ісі жөніндегі директордың орынбасары А Молдаханаова Тәуелсіздік мерекесімен құттықтай келе, мақтау қағаздарымен марапаттады.
Посмотреть новость на сайте учреждения
Официальное сообщество школы-гимназии №3 города Астаны