Педагогтерді бос лауазымға тағайындау байқауының қорытындысы туралы
«Білім туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 35) тармақшасына сәйкес, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 21 ақпандағы № 57 бұйрығының негізінде, 2023 жылғы 04 қаңтардағы бос, уақытша бос лауазымдарға педагогтерді тағайындау бойынша байқау комиссиясының шешіміне сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Астана қаласы «Ахмет Байтұрсынұлы атындағы № 48 мектеп-лицейдің» 2022-2023 оқу жылына бос жұмыс орынға (математика пәнінің мұғалімі) орналастыру бойынша конкурс өтті деп есептелсін және мектеп басшысына тағайындауға ұсынылсын.
2. Бағалау парағында көрсетілген ұпайлардың нәтижелері байқау жеңімпазын жұмысқа қабылдауға негіз болып есептелсін.
3. Төменде аталған бос жұмыс орынға үміткер байқаудың жеңімпазы болып есептелсін және жұмысқа қабылдансын:
- Зарыкбаева Асем Бебитовна
4. Байқаудың нәтижелері мектеп сайтында, Instagram желісінде жариялансын.
5. Үміткерлердің тапсырған құжаттары 1 жыл кадр резервінде сақталсын.
Посмотреть новость на сайте учреждения
Вернуться к списку новостей
Комментарии