Түсіндіру жұмыстары
Астана қаласы Алматы ауданы Ювеналды полиция бөлімінің инспекторы полиция капитаны Наурызбаев Азамат Алпысбайұлы № 83 мектеп-гимназиясында бастауыш сыныптары мен жоғарғы сынып оқушыларының арасында қылмыстың алдын алу, оның ішінде кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау саласындағы құқық бұзушылықтардың жолын кесу, олардың құқықтық сауаттылығын арттыру, сондай-ақ қылмыстық қоғамға қарсы әрекеттердің алдын алу және олардың зардаптарының аурлығын төмендету мақсатында түсіндіру жұмыстарын жүргізді.Сонымен қатар, түнгі уақытта ата-ананың қарауынсыз рұқсат етілмеген орындарға барудың, электронды темекіні пайдаланудың және басқа да тәртіпбұзушылықтардың салдары қандай қиыншылыққа алып келетіні туралы ескертілді.

Посмотреть новость на сайте учреждения
Вернуться к списку новостей
Комментарии