13 – қаңтар күні мектебімізде «АЗАМАТ» дебат клубының ұйымдастыруымен мектепішілік пікірсайыс турнирі болып өтті. Мектепішілік пікірсайысқа 9-10 сынып оқушылары қатысты. «БП мектепте буллингті жеңудің ең үздік жолын көрсетеді» қарары бойынша өткен финалдық ойында 10-сынып оқушылары үздік ойын көрсетті. Турнир нәтижесі бойынша жеңіске жеткен команда 20.01.23 ж өтетін аудандық пікірсайыс турниріне қатысатын болды. Жас пікірсайысшыларға сәттілік тілейміз!
Посмотреть новость на сайте учреждения
Официальное сообщество школы-гимназии №3 города Астаны