«Қ.Бітібаеваның «Ойтастау, ойланту, ойлау» технологиясы бойынша оқыту түрлері» республикалық оқу-әдістемелік семинар
2023 жылғы қаңтар айының 6-сы күні Астана қаласының №72 мектеп-лицейінде қазақ тілі мен әдебиет пән мұғалімдері және Қ.Бітібаеваның зертхана филиалы мен өңіраралық онлайн режимінде зертхана филиалдарымен бірлесе отырып оқу-әдістемелік онлайн семинар өтті.
Қазақ тілі мен әдебиет сабағында білім сапасын арттыруда тиімді әдістерді қолдану арқылы оқушылардың білімін жетілдіру және заманауи сабақтың құрылымы туралы ой бөлісу, тәжірибе алмасу мақсатында ұйымдастырылды.
Аталмыш іс-шараны Өскемен қаласындағы Қ.О.Бітібаеваның зертхана жетекшісі Мұқашева Меруерт Қозықанқызы семинарды бастап, №72 мектеп-лицей қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімдері «Қ.Бітібаеваның «Ойтастау, ойланту, ойлау» технологиясы бойынша оқыту түрлері» тақырыбында сөз алды.
Қ.Бітібаева технологиясына негізделген шеберлік сағатында қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі, шебер-педагог Ж.С. Адилбекова «Оқу мақсаттары талапқа сай жүзеге асуы» деген тақырыпта өзінің тәжірибесімен бөлісті.
Келесі сөз кезегін қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі, зерттеуші - педагог К.Е.Мунайдарова «Қазақ тілі сабағында сын тұрғысынан ойлау технологиясының тиімділігі» атты баяндамасын оқыды.
Қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі, зерттеуші - педагог М.А.Темиржанова қазақ әдебиетінен Ы. Алтынсариннің «Қыпшақ Сейітқұл» әңгімесі . Сейітқұл – еңбек адамы» тақырыбында 5-сынып оқушыларына арналған күнделікті сабақ жоспарымен таныстырды. Ол сабақтың оқу мақсаты әдеби шығарманың тақырыбы мен идеясын анықтау болды. Сабақ жүргізуде тиімді әдістерді қолдана отырып, оқушыларға сабақ мақсатына жетуге тиімді екеніне көз жеткізді.
Қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі, сарапшы - педагог Ж.Г.Шайхина қазақ әдебиетінен М.Әуезовтің «Көксерек» шығармасындағы кейіпкерлер бейнесі» атты
7-сынып оқушыларына арналған күнделікті сабақ жоспарымен таныстырды. Оқу мақсаты: шығармадағы эпизодтар мен бейнелерді салыстыру.

Семинар соңында зертхана филиалдарымен, атап айтсақ, Қ.Бітібаева атындағы республикалық ғылыми -әдістемелік зертхананың жетекшісі М.Мукашева, Күршім №3 мектебінің зертхана жетекшісі Нұрсейтова Ақерке, Аягөз қаласы N6 орта мектептің зертхана жетекшісі Жанар Саяжанқызы әріптестеріміз кері байланысқа шығып, онлайн семинардың жоғары деңгейде өткенін атап өтті. Болашақта осындай орталықтармен бас қосу, іс- тәжірибенің алға басуына, жүзеге асуына септігі мол. Тәжірибе алмасуда желілік байланыстың тиімділігі зор екеніне көз жеткіздік.
Посмотреть новость на сайте учреждения
Официальное сообщество школы-гимназии №3 города Астаны