Меню KDT

Новости

Главная Новости

№60 мектеп- лицейінде 6 қазақ сынып оқушылары «Сары қыз» кітабының авторы Балтабай Ғалия Құсайынқызымен шығармашылық кездесу өтті.

№60 мектеп- лицейінде 6 қазақ сынып оқушылары «Сары қыз» кітабының авторы Балтабай Ғалия Құсайынқызымен шығармашылық кездесу өтті.
2022 жылды Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Балалар жылы деп жариялады.Осыған орай биыл балаларды қорғауға сапалы біліммен қамтуға,мүмкіндігі шектеулі балалардың денсаулығын нығайтуға ерекше көңіл бөлініп отыр.Президент өскелең ұрпақтың болашағына мән беріп,жастарға зор үміт артатынын,сондықтан да өскелең ұрпаққа жол ашу, барлық жағдайды жасау керектігін нақтылады.
Әрбір қазақстандық азамат,әрбір маман иесі осы Балалар жылына арнап өздерінің орасан зор үлестерін қосуда.

Бүгінгі іс-шарамыздың мақсаты да осы Балалар жылына арналған 50 тармақтан тұратын бөлімдердің бірі: «Білімді бала», «Жас қаламгер».Кітап,кітап оқу кез-келген жастағы адамның рухани азығы мен байлығы.Сондықтан осындай шығармашылық жолында талмай еңбек етіп, өскелең ұрпаққа өшпес із қалдырып,тәлім-тәрбиеге мол рухани азық болатындай балаларға арнап кітап жазып өз үлесін қосты.Бүгінгі осы аталмыш іс-шараға «Сары Қыз» кітабының авторы,қазақтың қаһарман қызы,Қазақстан Республикасының Мәдениет қайраткері,ҚР құрметті журналисі, «Павлодар облысына сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісінің иегері,ұстаз,жазушы Балтабай Құсайынқызы Ғалия апайымызбен ерекше кездесу өтті.Кездесу соңында балалар өздерін толғандырған сұрақтарын қойып және Ғалия Құсайынқызына арнап жазған ақын-жазушыларымыздың өлеңдерін жатқа оқып берді.




Посмотреть новость на сайте учреждения

Вернуться к списку новостей

Комментарии


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Обсуждение не найдено


Заполняем школьные сайты

15

Помогаем, советуем, предлогаем как лучше всего заполнить сайт

Единый Образовательный портал

1

Единый Образовательный портал

Образование

1

Образование

Официальное сообщество школы-гимназии №3 города Астаны

0

Официальное сообщество школы-гимназии №3 города Астаны