28.10.2020 ж. №14 "Ақбөпе" балабақшасының мектеп жасына дейінгі балалары үшін Нұр-сұлтан қаласының № 3 қалалық балалар кітапханасының ұйымдастыруымен "Ертегілер әлемінде"атты іс-шара өтті. "Күншуақ" тобы тәрбиеленушілері іс-шараға қатысты. Балаларға жұмбақтар айтылды, викторина өткізілді, мультфильм көрді және ұсынылған ертегілерді тапты. Балалар сұрақтарға қызығушылықпен жауап берді, ойын тапсырмаларына қатысты, осылайша ертегілер туралы білімдерін көрсетті.
Кітапхана басшысы Марал Құрманбаевқа және барлық қызметкерлерге мектеп жасына дейінгі балалардың зияткерлік дамуына көмектесетін танымдық іс-шаралар өткізгені үшін алғыс айтамыз.






Посмотреть новость на сайте учреждения
Официальное сообщество школы-гимназии №3 города Астаны