Мектебімізде «Салауатты тамақтану мектебі» жобасы аясында «Спортпен шұғылдан, белсенді тамақтан» тақырыбында қалалық семинар өтті. Мақсаты: «Салауатты тамақтану мектебі» жобасы бойынша қала көлемінде тәжірибе алмасу болы табылады. Семинарымыздың салтанатты ашылуынан соң « Мектеп тынысы» экскурсиясын мектеп директоры Б.Ә.Баймұратова бастаған топ мектептегі жоба жұмыстарын қонақтарға таныстырылым жасады. «Мен өнерлімін!», Шебер қолдар» жобалары мен бокс, шахмат, тоғызқұмалақ, робототехника , радиоспорт үйірмелері оқушыларының жұмыстары көрсетілді. Сонымен қатар, бастауыш сынып оқушылары «Жасыл мектеп» жобасы аясында жүргізіліп жатқан зерттеу жұмыстарымен қорытындыланды.