Әлжан негізгі мектебінде 4-7-сынып қыздары арасында "Ал, кәнеки, қыздар" атты сайыс өтті. Сайысқа 2 топ қатысты.Сайыс барысында қыздар өз өнерлерін көрсетумен қатар білімдерін де сынға салды. Қойылған сұрақтарға жауап беріп, жұмбақ шешті.Шаш сәндеу, қолөнер бұйымдарын жасаудан өз шеберліктерін көрсетті. Мектеп ұжымы тарапынан қыздарға сыйлықтар табыс етілді.