Наурыз мейрамына байланысты 6-сынып оқушылары арасында “Ұлттық ойындар” спорттық сайысы
16-наурыз күні Наурыз мейрамына байланысты 6-сынып оқушылары арасында “Ұлттық ойындар” спорттық сайысы өтті. Оқушылар қазақ халқының арқан тарту, ақсерек-көксерек, қол күрес сияқты ойындарында күш сынасып, өздерінің ептіліктерін, шапшаңдықтарын көрсете алды. Сайыс нәтижесінде оқушылар номинация бойынша марапатталды.