1 сыныпқа балалардың құжаттарын қабылдау.
Ата-аналар назарына!!!
- Бірінші сыныпқа балалардың құжаттарын қабылдау 3 сәуірден басталады. Мектепке алты жасар балалар мен ағымдағы күнтізбелік жылы 6 жасқа толатын балалар қабылданады.
- Айта кету керек, баланың жасы 1 қыркүйек айы жағдайына толық 6 жасқа толған болса, барлық балалар қабылданады. Ал жасы толық 6-ға толмаған балалардың (олардың жасы үстіміздегі жылы 1 қыркүйектен кейін толатын болса) тек ата-аналары немесе басқа заңды тұлғалары қалаған жағдайда мектепке бару мүмкіншіліктері бар.
- Мектепке құжаттар «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы электрондық нысанда жүргзіледі.
- Ережеге сәйкес 1-сыныпқа қабылдау кезінде алдымен қызмет көрсету аумағынан өтініш (тіркелу орны бойынша) білдірген үш үміткер, содан кейін басқа аумақтан бір үміткер қабылданады.
- Білім беру ұйымы міндетті көрсетілген тізбеден тыс құжаттарды тапсыруды өтініш берушіден (Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 12 қазандағы № 564 бұйрығы) талап етуге құқығы жоқ.
- Ата-аналар электронды форматта өтініш, туу туралы куәлік көшірмесін, баланың денсаулығы паспорты, денсаулық жағдайы туралы № 063/у нысанындағы анықтама және 2 фотосурет тапсырады.
Бірінші сыныпқа қабылдау электронды форматта жүргізіледі.
1-сыныпқа алты жасар және ағымдағы күнтізбелік жылы 6-ға толатын балаларды қабылдайды.
Бірінші сынып оқушыларының құжаттарын қабылдау 3 сәуірде басталып, 1 тамызға дейін жалғасады. Құжаттарды egov.kz арқылы беруге болады:
🔻Ата-аналардың өтініші (немесе оларды алмастыратын тұлғалар);
🔻Баланың туу туралы куәлігінің көшірмесі;
🔻«Бала денсаулығы паспорты»;
🔻Денсаулық жағдайы туралы №063/у нысанындағы анықтама;
🔻3х4 көлеміндегі 2 фото.
Құжаттар мектептің қызмет көрсету аумағынан алғашқы 3 өтініш берушіден, одан кейін басқа шағын учаскеден 1 өтініш берушіден (3:1 қағидаты бойынша) қабылданады.
Посмотреть новость на сайте учреждения
Вернуться к списку новостей
Комментарии