КӘСІПТІК БАҒДАР БЕРУ
Бүгін 2023 жылдың 03 сәуір күні Әлкей Марғұлан атындағы №40 мектеп-лицейінде 9-сынып оқушыларымен Астана Халықаралық университетінің педагогикалық колледжінің оқытушысы Қазкенова Сәуле Тұрғынбаевнамен кездесу болып өтті. Кездесу барысында мекеме өкілі оқу орнының мамандықтары мен олардың ерекшеліктері жайлы айтып өтті. Сондай-ақ колледждің ішкі бейнесін, оқу ақысы, білім сапасы және т.б пайдаға асарлық деректерді айтты. Кездесуге қатысқан әрбір оқушы өздеріне ұнаған мамандықтары бойынша қызығушылық танытып бірнеше сұрақтар қойды.




Посмотреть новость на сайте учреждения
Вернуться к списку новостей
Комментарии