Қазақ тілі мен әдебиеті апталығы аясында Махамбет Өтемісұлының шығармашылығына арналған іс-шара үлкен үзілісте ұйымдастырылды. Шараға 8 – 10 сынып оқушылары қатысты. Халықтың азатығын көксеген күрескер, ел бастаған батыр, өр рухты ақын шығармашылығы туралы қызықты сұрақтар қойылып, мол мәлімет берілді. Іс-шара сұрақ-жауап түрінде өтті. Баланың кітап оқуға деген қызығушылығын арттырып, тарихи деректерді өскелең ұрпақтың бойына дарыту, патриоттық рухын ояту мақсатында жүргізілді. Оқушылар аса қызығушылық танытты.
Видео көру.