Қазақ тілі апталығы аясында Сәуірдің 14 күні 10 “А” сыныбында ашық сабақ өтті. Дуэт сабақты жүргізгендер қазақ тілі және әдебиеті пәнінің мұғалімдері Л.С Мақаш, А.Б. Шотпаева. Шерхан Мұртазаның “ Бесеудің хаты” драмалық шығармасы бойынша “Аштық - қазақ қасіреті” атты Сот сабағында оқушылар тамаша көрініс көрсетті. Қазақ халқының басынан небір нәубет өткенін, сансыз сұрапыл соғыс, қуғын- сүргін, жұт, ашаршылық,т.б тарихи оқиғаларды көз алдымызға алып келді. Рөлдерді тамаша сомдаған шәкірттеріміздің өнері арқылы сол сұрапыл заманға барып қайтқандай күй кештік. Сабақ өте тартымды, қызықты болды.
ВИДЕО КӨРУ