Балалардың отпен ойнауы жиі өрттің себебі болады.
Балалардың отпен ойнауы жиі өрттің себебі болады. Сіріңке балаға ойыншық емес екендігі бәріне белгілі. Бірақ барлық ата-аналар баланы ықтимал қайғылы жағдайлардың қалай алдын алуға болатындығын білмейді. Балаларда өрт қаупі сезімін қалыптастыру, тұрмыстық аспаптармен қауіпсіз жұмыс істеу дағдыларын және өрт болған жағдайда дұрыс мінез-құлықты қалыптастыру қажет. Астана қаласының Төтенше жағдайлар департаменті “Сарыарқа” ауданының Төтенше жағдайлар басқармасы балалардың отпен ойнауынан болатын өрттердің алдын алу шараларын еске салады:
- балаларға өрт қауіпсіздігі туралы жиі ескертіп айтыңыз;
-Үйден біраз уақытқа кеткенде баланың іші пыспас үшін, оған қызықты тапсырма беріңіз;
- сіріңкелер мен оттықтар-балаларға арналған ойыншықтар емес. Оларды балалар үшін қолжетімді жерлерде қалдырмаңыз;
- үйде пешті жағуға жас балаларға сенбеңіз және жанып жатқан пешті қараусыз қалдырмаңыз,
- барлық ашық электр розеткаларына пластикалық штепсельдерді орнатыңыз, олар кез-келген дүкенде сатылады және өте арзан;
- электр құралдарын қосулы күйде қараусыз қалдырмаңыз. Балаларды оларды дұрыс пайдалануға үйретіңіз;
- өрт, апат және басқа төтенше жағдай кезіндегі іс-әрекеттерді үйретіңіз.;
- балаңыздың өз үйінің мекен-жайын білетіндігін тексеріңіз, сонымен қатар онымен бірге құтқару қызметтерінің телефондарын білетініне көз жеткізіңіз.
Құрметті ата-аналар! Балаларды өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауға үйретіңіз.
Посмотреть новость на сайте учреждения
Вернуться к списку новостей
Комментарии