Назарларыңызда 6 «Г» сыныбының «Халықтар достығы» би фестивалінде орындаған «Үнді»биі
Үнді билері - театр өнерін жан-жақты түсіндіріп, қойылымдарды бөлшектеп қарастыратын 36 томнан тұратын Натья-шастра шығармасы бойынша қалыптасқан екен. Қазірде Натья-шастраға негізделген билер ең ежелгі болып саналады. Олардың: Бхаратанатьям, Одисси, Мохиниаттам, Кучипуди, Манипури, Сатрия, Катхакали, Катхак деген түрлері бар. Әрбір би абхинаямен, яғни мимикамен адамның не айтқысы келетінін, ойларын жеткізіп отырады. Және де мудра– саусақтардың орналасу салтын қадағалағау де үлкен шеберлікті талап етеді.
