2022 жылдың желтоқсан айының 10 күні «Балалар жылы» аясында ұйымдастырылған жалпы білім беретін мекемелірінің оқушылары арасында «Күмбірлеген домбыра үні » қалалық байқауы өткізілді.
Қазақ халқының ұлттық мәдениетінің қайта өркендеуі жағдайында оқушыларды халық дәстүрлері арқылы тәрбиелеу.
Қазақтың төл өнерін шынайы бағалай білетін жұртшылық үшін ең құнды дүние – құдіреті қос ішегіне қонған қолдағы қасиетті қара домбыра. Күмбір күйім де, әсем биім де, бозторғайым да, жезтаңдайым да, бұбұл құсым да, тіл білгішім де, қоңыр қазым да, жүрек сазым да сенсің, Домбыра! Бабамыздан мирас болған мол мұра. Сол мұраны ұмыт қалдырмай, қазіргі таңда нақышына келтіріп орындап жүрген біздің мектебіміздің оқушылары да қапы қалған жоқ.
Байқауға қатысып «Ансамбль» номинациясы бойынша 1 орынға ие болған мектебіміздің "Есіл толқыны" атты домбырашылар ансамблі.
Жетекшісі: Сыздықбай Әдемі Малғаздарқызы.
Біздің ДОМБЫРАШЫЛАРДЫ шын жүректен құттықтаймыз!
Посмотреть новость на сайте учреждения
Официальное сообщество школы-гимназии №3 города Астаны