Көп жылдар бойы ақырын жүріп, анық басқан ұстаз болуыңызбен бірге, бізді сабырлы мінезбен, салиқалы салмақты ақылыңызбен тәрбиеледіңіз, әрқайсымыздың өмірді өз орнымызды табуымыз үшін берген ақыл-кеңестеріңізге, бізді ел қатарына қосқаныңызға мың да бір рахмет айтып, шәкірттік ықыласымызды білдіргіміз келеді. Үлкен биікке қол жеткізуімізге, кісілікке, адамгершілікке тәрбиелегеніңіз үшін біз сізге әрқашан қарыздармыз #мұғалімдеркүні2023 @bilimastana @astana_adistemelik_ortalyq